Халықаралық серіктестік

img

Халықаралық серіктестік Жоғары мектеп қызметінің бағыты бойынша кәсіби мектептермен және ұйымдармен халықаралық стратегиялық қарым-қатынас пен іскерлік ынтымақтастықты орнату және дамыту бағытында жұмыс жасайды.

 

Негізгі қызметі:

  • Жоғары мектептің халықаралық стратегиялық әріптестігін ілгерілету, үйлестіру, бақылау және сараптау
  • Халықаралық гранттық бағдарламаларды іске асыру және олардың аясын кеңейту (Жоғары мектепте білім алуға арналған гранттар, тәжірибе алмасу және біліктілікті арттыру бағдарламалары)
  • Шетелдік сарапшыларды шақыру
  • Шетелдік өкілдердің қатысуымен өтетін протоколдық іс-шараларды, конференцияларды, кездесулерді және келіссөздерді ұйымдастыру және оларға қатысу
  • Халықаралық әріптестік жөніндегі комитеттің қызметін үйлестіру

 

Бүгінгі таңда академиялық ұтқырлық аясында Түркия Республикасының Сакария университетінде 1 студент бір семестр білім алуға жіберілді.

 

Оқытушылар Д.Келесбаев, Мевлана бағдарламасы аясында Түркия Республикасының жоғары оқу орындарына барып екі апта дәріс жүргізіп қайтты.  Д.Келесбаев  Ұлыбританияда біліктілік жетілдіру курсынан өтті.

 

Жоғары мектеп халықаралық ынтымақтастық жұмыстары аясында

 

        Назарбаев университеті

              Гази университеті

          Акдениз университеті

        Хаджеттепе университеті

               Ататүрік университеті

            Эржиес университеттерімен тығыз байланыста