Консультативтік кеңес

img

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде мемлекеттік басқару және экономика Жоғары мектебі Түркістан облысындағы мемлекеттік басқару органдарымен тиімді іс-әрекет жүргізуді қамтамасыз ету бойынша Консультативтік кеңесінің мәжілісі өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты мемлекеттік қызметке кадрлар даярлау, мемлекеттік қызмет саласындағы Астана Хабына қатысушы елдер және шетелдік білім және тәжірибе алмасу, сонымен қатар Түркістан облысы және әлемдік трендтегі мемлекеттік қызмет түрлері бойынша оқытушы-профессор құрамы мен білімгерлерді таныстыру.
Семинар барысында Қазақстан, Азербайжан және Ресей мемлекеттік қызметкерлерді даярлау тәжірибесі ұсынылды. Қатысушылар өзара пікір алмаса отырып, заманауи мемлекеттік қызмет трендтерін, кадр таңдаудағы туындайтын мәселелер мен адам ресурстарын басқарудағы инновациялық технологиялар және талант-менеджмент мәні талқыланды.
Қатысушылар Жоғары мектепке қызығушылық таныта отырып, осындай іс-шараларды Ахмет Ясауи университетінің базасында өткізуді қолдайтындығын білдірді. Жоғары мектеп, келешекте, әлемдік дәрежедегі мемлекеттік сектор сарапшыларын біріктіретін халықаралық платформаға негіз болады, яғни инновациялық білім берудегі заманауи технологиялар мен бағдарламалар енгізуді жүзеге асара отырып, Түркістан облысына әлемдегі үздік тәжірибелер ендіру болып табылады.

Жоғары мектептің стратегиялық мақсаттары

Консультативтік Кеңестің мақсаттары және даму тәсілдері

Мектептің стратегиялық және жоспарлау мәселелері бойынша кеңес беру мақсатында жылына кемінде бір рет консультативтік кеңес шақырылады. Консультативтік кеңес консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Университет президенті Консультативтік Кеңестің төрағасын дербес тағайындайды және төрағамен бірге Кеңес мүшелерінің құрамын, санын белгілейді. Консультативтік кеңестің құрамына жақын және алыс шетелдердің өкілдері кіруі мүмкін.

Консультативтік кеңестің ережесі мен жұмыс жоспарын университет президенті және кеңес төрағасы бекітеді.  Кеңестің қызметі өтеусіз негізде жүзеге асырылады Консультативтік кеңестің мақсаты мектептің болашақта дамуы үшін жүйелі сараптамалық қолдау мен стратегиялық ұсынымдар беру болып табылады.

Консультативтік кеңестің міндеттері

  • Мектепті дамытудың стратегиясы мен перспективалық бағыттарын қалыптастыру. Мектептің академиялық және ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту.
  • Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіптік білім беру үшін білім беру бағдарламаларының спектрін әзірлеу, жетілдіру және кеңейту, оның ішінде қазіргі және әлемдік трендтерге сәйкес жаңа мамандықтар ашу.
  • Заманауи, инновациялық білім беру технологияларын, сондай-ақ үздік әлемдік практикаларды енгізу.
  • Батыс сарапшыларын шақыру( сарапшылар пулын дамыту), мектептің мемлекеттік органдармен, жетекші консалтингтік компаниялармен, жеке және халықаралық ұйымдармен серіктестігін орнату.
МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ КОНСУЛЬТАТИВТІ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ

Әлихан Мұхамедияұлы Байменов

Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабының басқарушы комитетінің төрағасы

Бахрам Бахманұлы Халилов

Мемлекеттік емтихан орталығы төрағасының орынбасары (Әзірбайжан Республикасы))

Иджлал Атилла

Мармара Университетінің «Саясаттану және мемлекеттік басқару» кафедрасының профессоры

Женгиз Томар

Х. А. Ясави атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің I Вице-Президенті

Олжас Құдайбергенов

Стратегиялық бастамалар орталығының аға серіктесі

Шыңғыс Жұмабекұлы Мұқан

Мемлекеттік басқару және Мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі сарапшы

Ернар Серикбаевич Жаркешов

Генеральный директор Центра стратегических инициатив